Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ

Таза Қазақстан тазалық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс- шара барысында Шымсити шағын ауданында орналасқан N135 ші жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен N 135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл желектер бапталып, шөп орылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
​—Бір тал кессең он тал ек демекші қаламыздың жасыл желекке орануы тек сән беріп қана қоймайды. Ол бізге таза ауамен тыныстауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болып жатқан тазалық акциясынан оқушылар да қалыс қалмасын деп бүгінгі шараға жұмылдырып отырмыз, —деді N 135 мектебінің директоры Берікбай Елтайұлы.
Оқушылар мектеп ауласына гүл отырғызып қана қоймай, оны күтіп баптап ұстауды да үйренді. Табиғатты аялауды парызымыз деп білетін олар өз істерін сүйіспеншілікпен атқарды. Бұл іс-шараға 50-ге жуық оқушы атсалысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңетеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары қызу жүруде. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылса, 130 тонна күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 9500-ден аса қала тұрғындары мен 112 техника жұмылдырылды. Акция аясында белсенді тұрғындардың бастамасымен «Өткенге – құрмет, тіріге міндет» атты шарасына қаладағы 92 мешіттің діни қызметкерлері мен ерікті 3574 азамат қатыстып, 37 мұсылман зираттарының аумағын күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, қураған ағаштар кесілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*