Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ: МАЗАРАТ МАҢЫН ТАЗАЛАУ- ІЗГІ АМАЛ

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ: МАЗАРАТ МАҢЫН ТАЗАЛАУ- ІЗГІ АМАЛ

Елімізде «Таза Қазақстан» атты экологиялық акцияның басталғанына да үш апта болды. Осы аралықта тазалық жұмыстары барлық жерлерде қарқынды өтуде.
Әр аптаға нақты атаулар беріліп, тазалық жұмыстарымен қатар көшеттер мен гүлдер егу, арықтар тазаланып, ағаш түптері әктеліп, ескерткіштер жуылып, ретке келтірілді. Сенбілік жұмыстарына коммуналдық қызметкерлер мен қатар қала тұрғындары, еріктілер, оқушы-жастар, әлеуметтік нысандар да белсенді қатысып жатыр.
Тазалық жұмыстары жүру керек тағы бір жер, ол қаладағы мазарттар аумағы.
Осыған орай, ертең «Өткенге құрмет – тіріге міндет» десек, қала аумағындағы зираттар аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, Қазір қалада 100-ден аса қорым болса, оның барлығы 5 аудан әкімдігіне бөлініп берілген.
Мұсылман адам дүниеде қандай қадірлі болса, оның қабірін аяқасты етуге ешкімнің қақысы жоқ.
Ал мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру — жәй ғана міндет емес, ізгі амал.
Сондықтан ертең, 27 сәуір күні қала маңындағы мазараттардың маңайы қоқыстардан тазарту, шөптерін орып, айналасын ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Тазалықты сақтау – мәдениеттің өлшемі. Көшелер тазалығы, жол жиектерінің жасыл желекпен, жайқалған гүлдермен көмкерілуі, абаттандырылуы баршамыздың қолайлы өмір сүруіміз үшін маңызды. Қала тазалығына жұмылдырылған коммуналдық мекемелер күнделікті өз аумақтарында тазалық шараларын атқарады. Арнайы сенбіліктерде тұрғындар да қала тазалығына атсалысады.
Жалпы тазалық акциясының белсенділікпен өтуіне Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар барынша көңіл бөлумен қатар өздері де қызу жұмылуда. Тазалық—денсаулық кепілі. Ал денсаулық – әр адамның өмірінің байлығы. Осы қағиданы тек науқандық шараға ғана айналдырмай, біздің күнделікті тіршілігіміздің тынысы мен міндеті санай білсек, «Таза Қазақстанның» бейнесі де әрқашан жарық та жарқын болатыны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*