САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
в Шымкент, Қоғам
157 Просмотров

«7-мамыр Отан қорғаушылар» және «Ұлы Жеңіс» мерекелік күндеріне арналған салтанатты жиын болып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны ашқан Басқарма бастығының міндетін атқарушы Жандос Бейсенов жеке құрамды қос мерекемен құттықтап, ұлан-ғайыр мемлекетімізді қорғауда, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қылмыспен күресуде орасан еңбек сіңіруге, белсенді әрі отансүйгіш болуға шақырды.

Салтанатты шарада қызметте алдыңғы шептен көрінген полиция қызметкерлері марапаттар мен грамоталармен, сондай-ақ арнайы атақтармен марапатталып, қошемет көрсетілді.
2024-05-08