Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай, бүгін, Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан «Батыр бабалар аллеясында» аудан әкімі Азизхан Исмаилов бастаған барша аудан активі, Ардагерлер кеңесі мүшелері, Ауған соғысы ардагерлері, түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің қатысуымен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, «Мәңгілік алау» жағылып, Ұлы Отан соғысы, Семей, Тәжік-Ауған және Карабах қақтығыстарының құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, жиналған жұрт соғыс зардабын көрген, елін-жерін қорғаған батырлар мен еліне оралмай майдан даласында қаза болған барша отандастарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*