Түркістандықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін орталық тұрғындары эко-акцияның бесінші аптасында Арыс-Түркістан каналында жалпы тазалық жұмыстарын жасады.
«Мөлдір бұлақ» апталығында түркістандықтар каналды жарамсыз шөптерден тазартып, 25 қап қоқысын жинады.
Айта кетейік, эко-акцияның өткен «Өнегелі ұрпақ» апталығында бірқатар тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 23 аялдама сұрланып қайта қалпына келтірілсе, 4000-ға тарта ағаш түбі қопсытылып реттелді. Қала көшелері 100 тонна қоқыстан тазартылып, зақымданған балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.
© Jetpisbai.kz