Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТАРИХТЫ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ ЖАСАЙДЫ

ТАРИХТЫ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ ЖАСАЙДЫ

Ел есінде азаматтардың қатысуымен орын алған және жылнамада жазылған оқиғалар — бүгінгі ұрпақ үшін күн санап тарихи сәтке айналып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тарихты елдің азаматтары жасайды» деген қанатты сөзді көптеп кезіктіреміз. Тарихтың толқындарында «Отан үшін» ұранымен ерлік жасап, от пен жалынға қарсы тұрып, ерлік жолын көрсеткендер де осы елдің азаматтары еді. Жеңіс жалауын көтеріп, ту тіккендер де осы елдің азаматтары еді. Өткенге құрмет көрсету, сын сәттерінде ерлікке шақырып, елдік мұратын айқын көрсете білген жандарды өскелең ұрпаққа насихаттау бүгінгі біздің азаматтық парызымыз.
Өткенімізге шегініп қарар болсақ, осыдан 80 жылға жуық уақыт бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылған еді. Сол бір сұрапыл жылдарда 3000-нан астам отырарлықтар майдан даласына аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Ал, елге аман есен оралған кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміз еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін керсете алды.
Бұл күндері сол ескірмес естеліктер, көзі тірі ардагер – ақсақалдардың жүрегін мазаласа, сұм соғыс салған қанды қырғын жайлы тек ардагерлер аузынан естіп, білген кейінгі жастардың да жанын толқытады.
Возможно, это изображение 1 человек, храм и текст «Ы Согыс жайлы, шертеди сыр жел ypnen, Адамзатка Kepek бейбтт дел. Газиз Газизжай жан ЫМ B Отырарль Temip Ибраг»
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс елімізге оңайлықпен келмегенін білеміз. Отты жылдарда «Отан үшін» ұранымен қазақстандықтар да, оның ішінде отырарлық әрбір азаматта, әрбір жанұясы Жеңіс шыңына жету жолында аянбай үлес қосты.
Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік мыңдаған қазақстандықтардың тұла бойынан жалындап тұрды. Бүгінгі ардагер – кешегі жауынгер. Ол кезде небәрі 19-20 жастағы азаматтар ата-бабасының батылдығын, батырлығын, ержүректігін бойына сіңіріп өскен қазақ жауынгерлері, батыр ағаларымыз, жастығына қарамай бір қиырда жан алысып, жан берісіп, кескілескен ұрыстарға қатысып, керемет ерліктер жасады.
9 мамыр – Жеңіс күні арналған шара өтіп, алдымен Кеңес Одағының батырлары Сейітқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтердің және майданда ерлік көрсеткен отырарлықтардың есімі жазылған тақтаға гүл шоқтарын қойды.
Гүл қою рәсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Мұхтар Әуезұлы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мырзахмет Темірбековтер арнайы қатысты.
Возможно, это изображение 1 человек и текст «Адамзатка керек бейбт ΙΡ дег. I Газиз жанык OkKa торкан Отырарлык Te Ибр Θсел 19»
Шарада Жансұлтан Әділжанұлы сөз сөйлеп, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында теңдессіз ерліктер жасап, табандылық көрсеткен даңқты жауынгерлердің ерен еңбектері ғасырлар бойы жасай беретінін жеткізді. «Алдыңғы толқын ағаларымыздың Жеңісі бүгінгі бізді жетістіктерге жігерлендіріп, жанымызға қуат беріп, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға жетелеп келеді. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұту. Бүгінгі буын «Жеңіс солдаттары» алдында мәңгілік қарыздар» деп, даңқты сарбаздардың ерлік жолын насихаттады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*