Арыс қаласында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 32 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батырлар алаңында өткен салтанатты шара армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.
Шара барысында майдан даласында қаза болған жауынгерлер мен бейбіт заманда өмірден өткен ардагерлер құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, жиналған көпшілік боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін, қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік іс-шара Әнұранмен ашылды.
Бұдан кейін қала басшысы құттықтау сөзі сөйлеп, қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ қаламызды көгалдандыруға қосқан қомақты үлесі әскери сала мен коммуналдық сала қызметкерлері салтанатты түрде марапатқа ие болды.
Бірқатар әскери сарбаздар «Арыс қаласына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен, және Алғыс хаттармен марапаттады.
Бұдан соң қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов жиналғандары мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
© Jetpisbai.kz