Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Атамекен-Қазақстан» қандастарға арналған қоғамдық қордың басшысы Ж.Т.Искакова мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің маманы ауданның жер қатынастары бөліміндегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақылау кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету барысымен танысып қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасалуы, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынылуын, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі тексеріліп, тиісті ұсынымдар берілді.
© Jetpisbai.kz