Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ДАҢҚ» МЕМОРИАЛЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

«ДАҢҚ» МЕМОРИАЛЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Aудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті. 9 Мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлердің рухына арналып құран бағышталды.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналған қонақтарды Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов изгі тілегін арнап, Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев «Еліміздің келешегі кемел, Тәуелсіздігі тұғырлы болсын»,-деп ақ батасын берді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*