Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасында жылына 5000 ота жасалынады

Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасында жылына 5000 ота жасалынады

Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Мәселен; емханаға тіркелу және қандай қызмет түрлері, жұмысқа байланысты учаскені ауыстыруға, тегін дәрі-дәрмектер туралы және т.б. ақпараттарды комплеанс-офицердің нұсқаулығына сүйене отырып ала аласыз.
Әр қабатта фойелерде сенім телефондары ілулі тұр, әр дәрігердің есігінде емхана және сол дәрігердің QR коды арқылы арыз-шағым, алғыс және т.б. өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызға мүмкіншіліктеріңіз бар. Сондай-ақ ДСБ, ФСМС, Фармкомитет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттерінің сенім телефондары қол жетімді.
Жұмысқа орналасу бойынша: егерде вакансия болса заң бойынша 3 жұмыс күні ішінде ЕҢБЕК КЗ сайтына бос орын бойынша мәлімет орналастырылады, тек жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтар ғана жолдамамен келеді.
Шымкент қаласының қалалық балалар клиникалық ауруханасы 0-18 жас аралығындағы балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көпсалалы, бірегей аурухана.
2020 жылдан бастап қаланың барлық педиатриялық қызметі орталықтандыру мақсатында қосымша профильдер ашылып, барлығы 25 клиникалық бейін бойынша медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада құрылымында қосалқы МРТ, КТ, ангиограф, рентген, УДЗ, ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ, холтер кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, сәулелі және функциональдық диагностикалық бөлімшелері, физиоемдеу, стерилизация орталығы, бактериологиялық — клиникалық лабораториясы, консультативті – диагностикалық блок бар.
Бүгінде ауруханада 20 төсектік күндізгі стационары қызмет көрсетеді. Жылына 120 мыңдай науқас келіп қаралып, оның 20 000 ға жуығы емделіп, 5000 нан аса операция жасалынады.
Қоғамның ең басты құндылығы адам дейтін болсақ, барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*