Бүгін аудан әкімі аппараты құзырлы мекемелер қызметкерлерімен бірлесе аудан орталығында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде, заңсыз құрылыстар мен саудаларды, көше бойындағы қоқыстарды, сондай-ақ заңсыз жарнамаларды жою және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Анықталған кемшіліктер бойынша нысан иелеріне тиісті әкімшілік хаттамалары толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Кез келген қаланың тазалық көрсеткiшi сол өңір тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi. Сондықтан қаламыздың тазалығын сақтайық.
© Jetpisbai.kz