«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қазығұрттық жастар жоғары белсенділік танытып жүр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олай дейтініміз, 5 аптаға созылған акцияның бірінші апталығынан бастап Қазығұрт жастары әртүрлі ауыл округтерді, киелі мекендерді, өзен-көлдерді, демалыс орындары мен қоғамдық орындарды, қариялар мен ардагерлердің үйлерінде сенбіліктер ұйымдастырып келеді.

Экологиялық акцияның 5-ші аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталып, тау бөктері мен өзен-көлдердің жағалауларын, су айдындарында тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы орайда, Қазығұрт жастары тағы да өз белсенділіктерін танытып, Қазығұрт ауданынан өтетін «Келес» өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.
P.S.: Құрметті тұрғындар! Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, өзен-көлдердің бойында белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, керісінше көпшілік арасында тазалықты насихаттауға шақырамыз!
© Jetpisbai.kz