Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев ауданға жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение 1 человек, помост, отдел новостей и текст
Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ауданның зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды.
Президен кеңесшісі жиынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен зор ықыласын жеткізуден бастады. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде түсіндіріп өтті. Ауданның зиялы қауым өкілдерімен ашық әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Возможно, это изображение 9 человек, костюм и свадьба
Сонымен қатар, Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының жұмысымен танысып, Созақ аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ғимаратында аудан жастарымен кездесті. Кездесуде қазақтан шыққан ақын-жазушылардың шығармаларына тоқталды. Жастарды көп ізденуге шақырып, елімізде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды тарқата айтып өтті.
Возможно, это изображение 6 человек, костюм и текст «Nikon D3500, 32mm, NikonD3500,32mm,f/4,1/200s f/4, 1/200s»
Одан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аудандағы діни қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі мен руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар еркін тақырыпта пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев қойылған сауалдарға толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстарын назарға алды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*