Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағасымен «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдырмау» тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Қоғам мен мемлекет даму, бейбітшілік және қауіпсіздік сақтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуі тиіс. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру – бұл мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мүдделері мен міндеті. Әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікпен қарауы өркениетті қоғамның көрсеткіші болатын жаңа мәдениетті қалыптастырады.
Осы ретте, семинар барысында аудан әкімі аппаратының Заң бөлімшесінің бас инспекторы Фазыл Сидиков Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін баптарды кеңіненен түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік түрлерін қамтып өтті.
Жиынды қорытындылаған Нұржан Жақсылықұлы бүгінгі таңда қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу басты міндетіміздің бірі екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкер өзінің ғана емес, бала-шағасының болашағына балта шабатынын ескертіп, барлық бөлім басшыларына өзінің қызмекерлерімен осындай форматта құқықтық семинарлар өткізуді тапсырды.
© Jetpisbai.kz