Көгілдір отынның игілігін көруге «Барыс» шағын ауданы тұрғындары да мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғи газға қосылу – көпшіліктің көптен күткен қуанышы болатын. Шаһардың шеткері аумағында орналасқан аймаққа табиғи газ беріліп, елдің тұрмысы жайлана түсті. Енді дербес шоттарын әзірлеп, техникалық шарт жасасқан тұрғындар кезең-кезеңімен газ жүйесіне қосыла береді.

Қала басшысы осы шағын ауданда тұратын, сексенге келген қария Арысбек Баймұратовтің шаңырағында болды. Ақсақалдың әулеті табиғи газды үйіне кіргізген алғашқылардың бірі. Шаһар басшысы ақсақалмен сәлемдесіп, шаңырағынан жылулық кетпесін деп тілек білдірді.
Айта кетейік, өткен аптада Сырдария, «ШПЗ», «Почтовый», бүгін «Барыс» шағын аудандарына кварталішілік құбырларға газ берілді. Енді тұрғындар үй ішіне газ жүргізу үшін арнайы лицензиялы мекемелермен келісім-шартқа отырып, табиғи газдың игілігін көре алады.
Тағы бір айта кетерлігі, жуық арада «Стадион» тұрғын ауданы газға қосылуға мүмкіндік алады. Тиісінше, аталған аудан тұрғындары құжаттарды рәсімдеу, үйге дейінгі монтаждау жұмыстарын жасап, қамдануы керек. Ал қала орталығы жыл соңына дейін газға қосылады деп күтілуде.
Осы ретте, барша тұрғындарды «қыстың қамын жаз ойла» дегендей, осы бастан тиісті мекемелермен келісім шарт жасасып, техникалық рұқсатнама алып, газ қосуға дайын болуға
шақырамыз.
© Jetpisbai.kz