Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын көркейту,абаттандыру, дамыту жоспары бойынша аралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Қала аумағында жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, құрылыс жұмыстары да қала тазалығына өз әсерін тигізіп отырғаны рас. Дегенмен біз қала тұрғындарының таза әрі әдемі табиғат аясында демалысын тиімді өткізулері үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Ол үшін көше бойларын абаттандыру керек. Сонымен қатар, қала тазалығын сақтау — тұрғындардың ортақ міндеті,-дей келе аудан басшысы ауданның орталық алаңының аумағын абаттандыру бойынша аудан әкімінің орынбасарына және Сарыағаш қаласы әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ауданның тұрғын үй коммуналдық -шаруашылық бөлімінің жаңа ғимаратымен танысты.
© Jetpisbai.kz