Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік жиын өтті. Жиында аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді зерделеп, жұмыс барысын бақылауына алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, көгалдандыру, ішкі көшелерге төселетін асфальт жабындысы мен орнатылатын көше жарықшамдары, салынатын құрылыс нысандары сынды жобаларға жан-жақты тоқталып, салаға жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.
-Биыл аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылатын жұмыстар жетерлік. Ендігі кезете жұмысты барынша үйлестіріп, сапалы әрі уақытылы атқаруды талап етемін. Босаңсуға уақыт жоқ. Бұл мәселе сала орынбасарлары мен барлық бөлім басшыларына қатысты,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жүктелген тапсырмаларды тым баяулатып, жұмысына салғырттық танытқан басшылардың тиісті шарасын беруді тапсырды. Жүктелген тапсырмалардың оындалу мерзімі нақтыланып, арнайы хаттамаға енгізілді.
© Jetpisbai.kz