Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КАНАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУДЕ

«ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КАНАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУДЕ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығына бейім Шардара ауданында да ауқымды жұмыстар жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Яғни облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы негізінде «Тұран су» МКК қазіргі таңда Ақшеңгелді және Достық ауылдық округінде төрт бірдей маңызды нысан құрылыстарын жүзеге асыруда.
Нет описания фото.
Аталмыш ауылдарда Кеңестік кезеңде салынып, әбден тозығы жетіп тұрған ирригациялық су жүйелері толықтай жаңартылып жатыр. Аталмыш жобаға тапсырыс беруші Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы болса тиісті жұмыстар нәтижесінде екі округ бойынша жалпы ұзындығы 48,2 шақырымды құрайтын бетон арықтар толығымен жаңадан орнатылады. Бұл Ақшеңгелді және Достық ауылдарында ағын судың өз денгейінде жетіспеушілігінен игерілмей жатқан 3616 гектар егістік жердің қайта айналымға қосылуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда су арналарындағы құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатса екі бірдей ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 28 шақырымнан асатын каналдар жаңартылып талапқа сай лоток қалқаншалар орнатылып үлгерген. Ал тиісті жұмыстар «Тұран су» мекемесі тарапынан уақытылы әрі тиісті нормалар мен ережелелерге сәйкес атқарылып келеді.
Нет описания фото.
Ең бастысы Ақшеңгелді және Достық ауылдық округіндегі ескі бетон каналдарды толық жаңалап қайта салу нәтижесінде мұндағы гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэфиценті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезеңде жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*