Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЛА ӘКІМІ БАТЫР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ БАТЫР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған қаламыздың көпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала басшысы аналарды марапаттарымен шын жүректен құттықтап, ананың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, бақыт және игіліктер тіледі.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Награда алған аналармыздың арасында дара кәсіпкерлер, үй шаруасындағы әйелдер, аспаздар және ардақты ұстаздар да бар. Жалпы, бүгінгі салтанатты табыстау шарасына 8 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 9 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*