Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өткен.
Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында кәсіпкермен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и осветительное оборудование
Кездесу барысында кәсіпкер “PRO Textile” ЖШС басшысы Егембердиев Қожабек аудан әкіміне аумағынан темір бетон өндіру, шлакоблок, брусчатка, бардер өнімдерін өндіретін цех ашу жобасын жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді
Кәсіпкермен тілдескен аудан басшысы Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімі бойынша баяндауды жүктеді. Сонымен қатар, инвесторға инвестициялық жобаны бекітілген мерзімінде жүзеге асырылуы керек екенін жеткізді.
Возможно, это изображение 3 человека
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*