«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Отырар ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілік барысында аудан халқы, еріктілер, жастар жол, көше бойларын күл- қоқыстан тазартып, арық-атыздарды, ирригациялық жүйелерді ағаш бұтақтарынан арылтты.
Аяқ жолдар мен көше бойындағы арамшөптерді отап, саябақтар мен аллеялардың аумағында тазалық шараларын жүргізді.
Тазалық жұмыстары аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде де ұйымдастырылып, жалпы 1000-ға жуық адам қамтылған шарада 20 тонна қоқыс арнайы орындарға тасталды.
Ауданның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, көркейту, көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы іс- шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz