Қаламызға қарасты Сырдария (Задарья) тұрғын ауданына газ берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ауыл ақсақалдарымен бірге аталған тұрғын ауданда алғашқы қосылған үйге арнайы барып құттықтады. Ауыл ақсақалдары игі жаңалыққа ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына баталарын берді.
Осылайша, мамыр айында келесі тұрғын аудандар газ берумен қамтамасыз етілді:
«Почтовый», «Барыс», «ШПЗ».
Енді мамыр айының соңына дейін – «Наурыз», «Хлапком», «Стадион», «Оңтүстік (Южный) тұрғын аудандарын қосу жоспарланған.
Қала орталығы мен қалған шағын аудандар күз айына дейін қосылатын болады.
Осы рете, барша тұрғындарды ертерек құжаттарды өткізіп, келісім шартқа отырып, газға қосуға дайын болуға шақырамыз!
© Jetpisbai.kz