Аудандық мәдениет үйі жанындағы Үлгілі «Еркетай» би ұжымының есептік концерті өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Концерттің шымылдығын ашқан аудан әкімі Арман Абдуллаев жиналғандардың барлығына жылы лебізін білдіріп, би ұжымынн ата-аналарын шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би өреніне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Еркетай» би тобының көркемдік жетекшісі Айнұр Бердібековаға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.
Концертте бір-бірінен өткен әр би нөмірі кеш қонақтарының таңдайын қақтырып, ерекше әсер етті.
Айта кетсек, 1994 жылы негізі қаланған “Еркетай” би тобының «Республикалық Үлгілі би ұжымы” атағаның иегері сонымен қатар, облыс, аудан аумағындағы сайыстарда көздің жауын алатын сәнді ұлттық нақыштағы костюмдер, әдемі би қимылы, шеберлікпен орындауда биді түрлендіріп, көрермендерін баурай отырып,жүлделі орындарды иеленген.
© Jetpisbai.kz