Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлының төрағалығымен Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге Тұран ауданының прокуроры Ж.Әділбайұлы, Тұран ауданының Полиция басқармасының басшысы Н.Тілеуов, сондай-ақ, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және ветеренария, Тұран ауданы Төтенше жағдайлары басқармасы және өзге де басқарма өкілдері қатысты.
Кездесуде Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымдық дамуы бойынша 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекені тұрғындарының өзекті мәселесі – ауыз су.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ауыз суды қосу жұмыстары бақылауға алынған. Мамыр айының соңына дейін ауыз су мәселесі шешімін табатын болады.
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстар мен арыз-шағымдар талқыланып, жауапты басқарма өкілдерімен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, биыл Құрсай елді мекенінде Ұзынағаш, Алтынғасыр, Жарқайың, Таңатар, Қосқорған, Күмісті көл, Киіктау, Жылы сай көшесінен Бекболатов көшесімен жалғасы, Ақбата өткелі, Сарыбел көшесі №1,2,3,4, Зайсан көшесінің жалғасы асфальтталатын болады.
Сонымен қатар, барлығы 16 көшеге ирригация жүйесі орнатылады. Олар: Ащысай, Күмістікөл, Сатқанбайұлы, Мамешов, Қосарал, Қайнарлы, Қостерек, Егіндікөл, Алтынасар, Алтынды, Таңатар, Ұзынағаш, Жылысай, Сарытау, Ақтекше, Ақойман көшелері.
© Jetpisbai.kz