Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТУДЕ

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТУДЕ

Қай ұлттың болсын баянды болашағы оның ұрпағымен тікелей байланыс­ты екені сөзсіз. Сондықтан, ата-баба аманатын алысқа апаратын саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Аталған тақырып аясында, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Ұлттық тәрбие — ел болашағы» тақырыбында форум өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы мен аудандық сот бірлесіп ұйымдастырған іс-шара ұлтаралық татулық пен келісімге арналуда.
Форум жұмысын Жастар орталығының басшысы Беглан Мақұлбек жүргізіп, оған аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, «Парасатты Қазақстан» қоғамдық ұйымының мүшелері, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, жиын тақырыбы жөнінде ой-пікірлерін жеткізуде.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, генерал — майор Ақжігіт Исабеков ұлттық тәрбие, рухани құндылық, жастар тәрбиесі, діни экстремизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы аясында ой қозғады.
Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы аудандағы саяси ахуал, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан прокуроры Оразәлі Ералханұлы құқықтық сауаттылық, жастар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық , әлеуметтік желінің қауіпсіздігі жайында ой қозғады.
Возможно, это изображение 1 человек
Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіру ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бір тармағы. Отбасында берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы, о бастан қастерлеп келе жатқан отбасылық құндылықтарымыздың жалғасы болып табылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*