Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЕҢГЕЛДІДЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЕҢГЕЛДІДЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Aудан басшысы Арман Абдуллаев Жыға ауылдық округіне арнайы барып, Шеңгелді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан газ құбырларын тарту жұмыстарының мән-жайымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, бюджеттен құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы қаралып, ішкі орам газ құбырларын жүргізу үшін қазу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы жауапты бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне бірқатар тапсырмалар жүктеп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтауды жүктеді.
Возможно, это изображение 4 человека
Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекенді сапалы электр желісімен қамту жұмыстарын жүргізуші мердігер “Андас групп” ЖШС-ның басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын тездетіп бастап, жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*