Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Aудан әкімдігінің мәжіліс залында шаруалардың қатысуымен жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Мүйтембаев Азат Мақсұтұлы және «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «Оңтүстік» АИО ЖШС-нің өкілдері мен ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, жеке кәсіпкерлер мен агроқұрылым басшыларының қатысуымен өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды.
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша алғаш болып, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азат Мақсұтұлы баяндама жасады. Сондай-ақ «Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру» шаралары да жан-жақты қаралды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*