Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, «Ахмет Яссауи» атындағы кәсіби колледж студенттеріне кездесу ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жиын барысында жастарға кинологиялық қызмет орталығындағы есірткі мен жарылғыш заттарын анықтайтын және шабуыл жасайтын қызметтік іздестіру иттерінің жұмыстары таныстырылды.
Сонымен қатар «Нашақорлықты және дәріханалық нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында есірткінің зияндылығы мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
50-ге жуық студентті қамтыған бұл шарада жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды.
Полицейлерге жастар танымдық экскурсия және қызметтік иттердің жұмысымен жеке танысу мүмкіндігін бергені үшін алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*