Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15 мамырымен 17 мамыр күндері аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу.
Кезекті шара барысында бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейд жүргізіліп, жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді.
Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғандығын қатаң назарға алып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз.
Сонымен бірге, Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәріп» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау және басқа да құқық бқзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Ал, Кентау қаласында «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында 85 құқық бұзушылық анықталды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес Кентау қалалық полиция бөлімі ағымдағы жылдың мамыр айының 10-20 аралығында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізуде.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шара бойынша кентаулық полицейлермен 85 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу мақсатында тәулік бойы рейд жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған шаралар нәтижесінде автокөліктің тізгінін масаң күйде басқарған, көлігімен қос сызықтан өткен жүргізушілерге хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүру деректері тіркелді. Қосымша шетелдік автокөліктердің құжаттары тексеріліп, заңсыз жүрген автокөліктер айыптұраққа қойылды.