Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы 10 мамыр мен 9 маусым аралығында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «30 күн» бойы көліксіз жүр!» республикалық акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоршаған ортаның ластану проблемасына назар аударуға және көліктің баламалы түрлерін пайдалануды ынталандыруға арналған акция аясында аудан тұрғындарын жаяу жүруге не қоғамдық көлікпен қатынауға, велосипедтерді пайдалануға шақырады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасын қолдай отырып, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін кем дегенде бір күн ішінде көлікті пайдалануды шектеңіз.
Мұндай әрекеттер ауаның ластану деңгейін төмендетуге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсартуға қосқан үлесіңіз болып табылады.
Тіркелу сілтемесі: https://s10.run/jasyljol.
© Jetpisbai.kz