Бүгін Арыс қалалық «Мансап орталығы» филиалы ғимаратында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мұндағы мақсат — жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осымен екінші рет өткен жәрмеңкеге 31 жұмыс берушілерден 97 субсидияланатын жұмыс пен тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.
Шараға 78 жұмыссыз адам қатысты. Оның ішінде 3 адам пробация қызметінің есебінде тұрғандар және борышкер есебінде тұрған 1 адам.
Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша жастар практикасына 2 адам, алғашқы жұмыс орнына 1 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына — 1 адам, күміс жас жобасына 3 адам, сонымен қатар уақытша жұмыс орындарына 19 адам. жалпы 26 адамға жолдама беріліп, жұмыс табылды.
Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатсу бағытында көптеген консультациялар беріледі. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан, мамандық алған адамдар да көп. Жыл басынан осындай екінші рет өткен жәрмеңке арқасында, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс пен ақылы қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жолданған.
© Jetpisbai.kz