Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦИЯ МУЗЕЙІНДЕГІ МЫҢДАҒАН ЭКСПОНАТТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦИЯ МУЗЕЙІНДЕГІ МЫҢДАҒАН ЭКСПОНАТТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының полиция департаменті музейінің меңгерушісі Гүлнәр Шалқарқызы экскурсия жасауға арнайы келген кезекті қонақтарды күтіп алды. Бұл жолы полицияның тарихымен танысуға Д.Қонаев атындағы мектептің 10 сынып оқушылары келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі ОШымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 14 человек
Экскурсия барысында білімгерлер департамент музейінің залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Шарен Бекенов құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуды мақсат еткен жастарға полицейдің күнделікті жұмысы туралы айтып, бұл қызметке орналасудың талаптарын түсіндірді.
Возможно, это изображение 11 человек
Қазіргі таңда, мұражайда 4 мыңнан астам экспонат сақталуда. Оның ішінде даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары, тіпті қызметтік формалары бар. Сондай-ақ, мұнда полицейлердің мотокөлігі және өткен ғасырдағы басшылар отырған үстел, майшамдар, қару-жарақ түрлеріне дейін әкелінген.
Айта кетейік, мұндай экскурсиялар балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға зор үлес қосады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*