Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Қалалық Мәдениет үйінде кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың, қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмағандарға оқыс оқиғадан қорғану және алдын алу бағытында атқарылатын пәрменді іс-шараларды талқылау бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Жиынға аудандық прокуратура өкілдері, қала әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөлімі мен қалалық Білім бөлімі және білім беру ұйымдарының директорлары, олардың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік мамандары қатысты.
Күн тәртібінде «Соңғы қоңырау» және жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігінің алдын алу мен шектеу шаралары, осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шомылу маусымында су айдындарындағы балалар қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасады.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Жиында ұсыныс-пікірлер айтылып, оқу жылын аяқтау кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік шараларды күшейту, және шомылу маусымы қарсаңында патруль нарядтары қалалық жағажайлар, су айдындары және азаматтардың басқа да көпшілік демалатын орындары жанында кезекшілікті күшейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*