Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН БАСШЫСЫ АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН БАСШЫСЫ АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Aудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек
Әр аптаның бейсенбі күні өтетін аудан әкімінің жеке қабылдауында 38 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй кезегі, фельдшерлік-акушерлік орын салу, ауыз су, жол мәселесі, электр жарығын орнату, балалар ойын алаңшасын салу, жер, қайтарымсыз несие, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Возможно, это изображение 3 человека, Овальный кабинет и текст
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті сала орынбасарларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*