Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » “ЕР ЖІГІТТІҢ БАҒЫ АСАР, СӨЗІ МЕН ІСІ САЙ КЕЛСЕ”

“ЕР ЖІГІТТІҢ БАҒЫ АСАР, СӨЗІ МЕН ІСІ САЙ КЕЛСЕ”

Бүгінгі лездемелік мәжілісте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осы халық нақылын тілге тиек етіп, сала басшыларына ескерту жасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Оған себеп те жоқ емес.
⚜️ Қала әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі тарапынан ұсынылған кемшіліктерді арнайы мәжілісте саралап, бөлімдердің есебін тыңдаған қала басшысы мәселенің салдарымен емес, оның алдын алумен айналысу қажеттігін жиналысқа қатысушылардың есіне тағы да салды:
⚜️ — Орындауға өздеріңіз ұсынған мерзімді бекіттім. Дегенмен, кей тапсырмалардың атқарылуы шегерілгенін көріп отырмын. Істеріңіздің де сөздеріңіздей тиянақты болуына күш салыңыздар. Халықпен санасайық, бірақ уақытпен санаспайық, құрметті әріптестер! — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
⚜️ Қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов Қызылорда тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарын аралаудың нәтижесінде ретсіз жарнамалар, заңсыз дүңгіршектер алынғанын және кәсіпкерлік нысандарының қоршауы реттелгенін баяндады.
Возможно, это изображение 3 человека и текст «GONSIN»
⚜️ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан қала аумағында Жәңгір хан, О. Жарылқапов, Төле би, Сабырханов және Қ.А. Ясауи көшелерінде анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары басталғанын, Шекті тілеу, Т.Рысқұлов, Б.Майлин көшелерінде асфальт жабындысы бүлінген аймақтарды жөндеу жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
⚜️ Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Ержан Исмайлов кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған көшелердің жолдарын реттеу бойынша атқарылған тірліктерді тізіп, есебін ұсынды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
⚜️ Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар тізімі жаңартылып қайта бекітілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*