Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «КҮЛТӨБЕ» ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «КҮЛТӨБЕ» ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркітан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение силосная яма и Стоунхендж
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталды. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады.
Возможно, это изображение план этажа и текст
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кесене маңындағы «Күлтөбе» қалашығының құрылысын аралап көрді. Мердігер компания мен жауаптыларға нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Сан ғасырлық тарихы бар қалашық ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, жоба ЮНЕСКО қадалағауымен жүзеге асып жатыр. Облыс әкімі абаттандыру жұмыстарына баса мән беруді тапсырды.
Возможно, это изображение 1 человек
«Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы археологиялық парктің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. Жалпы аумағы 30 гектарға жуық болса, көгалдандыру аумағы 20 гектардан асады. Жоба бойынша 4 шатырлы күмбез, 27 тірек, КТП 1 дана, суағар (кәріз сорғы станциясы, дренажды жүйе) жоспарланған.
Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді.
Возможно, это изображение 6 человек
Бүгінгі таңда жобада қаралған жұмыстар, яғни күмбездің металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Трансформаторды монтаждау жұмыстары толық аяқталып, іске қосуға дайын. Сондай-ақ ағын суларға арналған науалар жүйесі (дренаж жүйесі) аяқталған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*