Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК…»

«ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК…»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бұрын екіжақты келісім-шарттар жасалған барлық өндірістік кешендері, ірі өндіріс орындары, орта білім беру мекемелері, жалпы саны 200 –ге жуық жұмыс беруші мемекенің өкілдері келді. Жұмыс берушілерді тікелей қатыстыра отырып, бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы түлектерге қолайлы жұмыс орнын табуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға келген студенттердің қатары қалың.

– Университетімізде дәстүрлі шараға айналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі студенттерге кең мүмкіндіктер береді. Өйткені әрбір компания жайында толық ақпарат алып, бос жұмыс орны туралы мәліметтермен танысу мүмкіндігі қарастырылған. ЖОО-ның мақсаты жас маман дайындау ғана емес, олардың жұмысқа қамтылуын да қамтамасыз ету. Өйткені жастар жұмыссыз қалмауы керек. М.Әуезов университетінде 80 жылдан бері 240 мыңнан аса түлекке диплом табысталды. Қазіргі кезде түлектеріміз 25 алыс-жақын шетелдерде білікті маман болып қызмет етуде. Биылғы жылы бітірген студенттердің де көрсеткіші жаман емес. Бакалавр дәрежесіне 5043 білімгер, магистр 893 дәрежесіне ие болмақ. Бүгінгі жиын жастарға тағылымдамадан өтуге әрі жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай туғызады,-дейді М.Әуезов универсиететінің ректоры м.а Қайрат Құманбетов.

Бітіруші түлектердің әр қайсысы 4 жыл оқыған білімді ақтап, өз саламда қызмет етсем деп ниет етуде. Заң факультетті «Құқықтану» мамандығын аяқтағалы отырған Темірхан Абжанов адвокаттар алқасы, құқықтық қолдау, мемлекеттік қызмет істер агенттігі және прокуратура салаларына құжат тапсырғанын айтты.

– Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілердің юасым көпшілігі осы университетті бітірген азаматтар екен. Бүгінде ірі компаниялар мен өндіріс орындарын басқаруда. Заң саласының үздіктері де дәл осы білім ордасынан шыққан. Сондықтан өзімнің ЖОО-нын өте сәтті таңдағаныма қуанамын. Осы жәрмеңкеде белгілі бір жұмыс орнын тауып кетпесекте, біз сол мекемелердің жұмыс жүйесімен танысып, қандай мүмкіндігіміздің бар екенін білдік. Әртүрлі мекемелерден келген өкілдер барлық студенттерге бағыт-бағдар беруде. Бұның өзі үлкен қолдау деп білемін, — дейді Темірхан Абжанов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*