Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ZHAS PROJECT» ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ZHAS PROJECT» ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Zhas Project» жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жеңімпаздарға мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі. Бұл жоба 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстанның 20 аймағында басталған болатын. Шымкент қаласымен Батыс Қазақстан Облысында Жастар корпусын дамыту бойынша «Zhas Project» жобасын «Корган-М» ҚБ жүзеге асыруда.
Талап бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын әлеуметтік жобалар жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмеуі тиіс.
Шымкент қаласындағы кәсіпкерлікті дамытып, әлеуметтік жобалар арқылы NEET жастардың қатарын азайтуды мақсат еткен жобаға 318 үміткер өтінім қалдырған. Комиссия мүшелері келіп түскен жұмыстардың барлығын жіті бақылап, арнайы кеңес өткізген. 21-22 мамырда сараптама комиссиясы «шағын гранттар» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Жалпы Шымкент қаласында 20 шағын грант, Батыс Қазақстан облысында 8 грант бөлінді.
– Шағын гранттар NEET санатындағы жастарға арналған. Бұл әртүрлі экономикалық, әлеуметтік немесе саяси сипаттағы факторларға байланысты жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарды жеке кәсібін дөңгелетуді көздейтін жоба. Осы жылы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл барлық мүдделі тұлғаларға қатысу ережелері мен жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді және соның арқасында көптеген өтінімдер түсті, – дейді «Қорған-М» Қоғамдық Бірлестігінің жетекшісі Диана Киргизбаева.
Биылғы жобалар менторлық қолдауды күшейтудің, сондай-ақ гранттық бағдарламалар мен конкурстарға қатысу саласындағы білімді арттыруға арналған бірқатар жоспарланған онлайн және офлайн іс-шаралардың арқасында тиімдірек болмақ. Айта кету керек, «шағын гранттарды» сапалы және тиімді іске асыру және гранттық қаражатты мақсатты пайдалану үшін сарапшылар тобы бірқатар мониторингтік сараптамалар өткізеді деп жоспарланған екен.
«ZHAS PROJECT»-ке қатысудың арқасында жастар тәжірибе жинақтап, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады. Жобаға қатысып 1 млн теңге жеңіп алған Мөлдір Жарылқап өз кәсібін ары қарай дамытуды көздейді.
– Конкурсқа дайындалуға небәрі 2 ай уақытым кетті. Өйткені бұл ой менде біраз жылдан бері жүзеге асыруды жоспарлап жүргенмін. Жалпы ерекше балалардың ойлау қабілетін, олардың физикалық дене қозғалысын жақсартуды мақсат еттім. Сол арқылы ағаштан түрлі бейнелерді жасап, ертегі құрастырдым. Бала денсаулығына оң әсер береді. Әрі сапалы. Жетекшім тек бағыт беріп, қолдауын білдірді. Сол үшін рахметімді айтамын. Алдағы уақытта мемлекеттен берілген гранттық қаржыны өз кәсібімді бастауға жұмсаймын,-дейді Мөлдір Жарылқап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*