Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді

Шымкентте медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді

Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді. Егер азаматтың тиісті медициналық көрсеткіштері бола тұра жолдама ала алмаса және оған медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, қаралатын медициналық ұйымдағы «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит» қызметіне шағымдануына болады. Қызметтің басты міндеті — халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету және пациенттерден түскен шағымдарды «осында және қазір» қағидаты бойынша шұғыл түрде шешуге негізделген. Науқастың арыз-шағымы емхана деңгейінде дұрыс қарастырылмаған жағдайда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалына 8-7252-99-76-85 байланыс нөмірі арқылы шағым қалдыруға болады. Тұрғындар сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты өтініштерін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы да жолдай алады. Әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді. Бұдан бөлек, медициналық қызмет алу барысында қосымша сұрақтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласып кеңес алуға болады және Telegram-дағы Saqtandyru-bot немесе fms.kz ресми сайтында да өтініш-шағымдар қабылданады.
Неге науқастарды қолдау қызметіне хабарласу қажет?

– ыңғайлы тәсіл – мәселені бірден сол жерде дер кезінде шешуге болады, ешқайда барудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ;
– Қызмет мәселені медициналық ұйымнан тыс жерге шығармай-ақ орнында шешуге мүдделі;
– Қызмет өз медицина ұйымындағы жағдайды, соның ішінде кемшіліктер мен қиындықтарды біледі, сондықтан туындаған мәселені тезірек шешеді;
– Қызметтің барлық қажетті ақпаратқа, ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар;
– Қызмет өз медицина ұйымының медициналық қызметкерлерімен таныс және дәрігермен келіс-сөздер жүргізу арқылы белгілі бір мәселелерді шешуге әсер етуі мүмкін;
– түсіндіру, кеңес беру сипатындағы мәселелер кезінде Пациенттерді қолдау қызметінің қызметкерлері өтініш білдірушінің мәселесін тез шеше алады;
– Қызмет басшылыққа тікелей жақын жерде болу арқылы анықталған құқық бұзушылықтар туралы оны жою мақсатында жедел шаралар қабылдау үшін басшылыққа жедел хабарлай алады;
– жалпы мәселені шешу көп уақыт алмайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*