Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жайлау шағынауданында орналасқан скверде қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу, шөп ору, қураған ағаш бұталарын қырқу секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.
Возможно, это изображение 3 человека и дерево
Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау ол сізбен біздің басты міндетіміз. Осы ретте, барша тұрғындардан еңбекті бағалауды, көшеде жүргенде бей-берекет қоқыс тастамауды сұраймыз, — деді Шымкент қаласының әйелдер істері жөніндегі гендірлік комиссияның мүшесі, қоғам белсендісі Таджибаева Орынша.
Жалпы сенбілікке 50 ден аса адам қатысты. Нәтижесінде 5 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.
Возможно, это изображение 4 человека и дерево
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*