Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шымкент қаласында 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 25, белгілері жоқ — 20). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар, оның ішінде 249-ы бос, карантиндік стационарлардағы барлық 500 орын бос.
305 046 ПТР зертханалық зерттеу жүргізілген. Оның ішінде бір күнде 1963 ПТР алынған.
Қала аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 240 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл ретте, қаланың медицина мамандары қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық карантин талаптарын қатаң  сақтануға шақырады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*