Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » УКРАИНАЛЫҚ ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОСАНДЫ

УКРАИНАЛЫҚ ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОСАНДЫ

Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық дәрігерлері толғағы қысқан Украиналық азаматшаны босандырып, сәбиіне күрделі ота жасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді.
Щебетун Диана 20-сәуір күні толғағы басталып, жедел жәрдем қызметімен қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді. Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге «өңештің артрезиясы» диагнозын қойып, күрделі ота жасады. Өңештегі туа біткен ахауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өтті.
1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды.
Айта кетейік, Украинадан келген азаматша Щебетун Диананың мамандығы дәрігер. Ал жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Диана жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Шымкеттегі жұмыс сапарында жүкті әйелдің мерзімінен бұрын толғағы басталып, перзентханаға жеткізілген болатын.
Өзге елден келген азаматша баласын босандырып, күрделі операцияны сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысын білдірді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*