Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция қызметкерлеріне әдістемелік дәріс жүргізілді

Полиция қызметкерлеріне әдістемелік дәріс жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті Қайрат Паиз және полиция капитаны Мейіржан Ескендіровтің ұйымдастыруымен Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандарының полициясына әдістемелік дәріс жүргізілді.
Дәрісте тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық қызмет салаларының мамандарына «Оқиға орнын қарап-тексеру, онда криминалистермен табылып алынған заттай дәлелдемелер мен кешенді іздерді алу, оларды дұрыс буып-түю, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасына дұрыс бекіту, сондай-ақ сараптама мен зерттеу тағайындаудың дұрыстылығы», «Одорологиялық іріктеулердің маңыздылығы» және «Қазіргі заманауи криминалистикалық техникалар мен автоматтандырылған жүйелердің қыр сыры» — тақырыптары бойынша кеңінен мағлұматтар берілді.
Полиция қызметкерлері тарапынан практикада кездесетін қиындықтар мен кемшіліктері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріліп, орын алған оқиғалар мысалмен өрнектепліп, дәлелді түрде түсіндірілді.

Полиция қызметінде криминалистика саласының алатын орны ерекше. Қылмыстың ашылуына аталмыш сала мамандары сүбелі үлес қосады. Артында із қалмаған қылмыстық оқиғаның өзінде олар әрбір іске жіті көзқараспен қарайды. Қырағылық қасиетінің арқасында криминалистика саласының мамандары түйінді мәселенің шешілуіне өз әсерін тигізеді.

Криминалистика– полиция қызметінде ең маңызды сала болып саналады. Өйткені, онсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмысты кім жасады? Ол қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде жасалды? Осы сияқты сұрақтардың барлығын анықтау криминалист мамандардың міндеті.

Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келмейді. Себебі, маманды дайындау барысы да өте күрделі. Арнайы білім алғаннан кейін де үнемі кәсіби біліктілікті арттырып отыру қажет.

Криминалистиканың қыр-сырын жіті меңгергеннен кейін ғана нағыз қылмыстық оқиғаны зерттеуге рұқсат беріледі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*