Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Құқық бұзушыларды анықтау күн тәртібінен түспек емес

Құқық бұзушыларды анықтау күн тәртібінен түспек емес

Полицейлер бір апта ішінде 6000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Түркістан облысының полициясы 7 тәулікте 123 қылмысты ашты, оның ішінде есірткіні заңсыз сақтау мен тасымалдауға байланысты 20 фактіні анықтады. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 2920 адам тексерілді.
Сондай-ақ 6323 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 202 дерегі заңсыз сауда фактісі бойынша тіркелді. Оған қоса түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 359 жасөспірім анықталды.
Бұдан бөлек жүргізушілердің мас күйінде автокөлікті басқаруының 10 фактісі мен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 12 фактісі расталып, құқық бұзушыларға шара көрілді.
Еске сала кетейік, полицейлер іс-шара аясында жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған ғимараттарды, аулаларды аралап, базарларды және басқа да орындарды тексеруде. Бұрын сотталғандар мен ІІО-да есепте тұрған өзге де адамдардың заңды талаптарды орындауы назарға алынды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау күн тәртібінен түспек емес.

Полицейлер ұрланған скутерді жедел түрде тауып, тұрғынға қайтарды. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Анықталғандай, күдікті танысын жол бойында жолықтырған. Содан оның электроскутерді бір айналып келемін деп сұрап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жәбірленушіге 160 мың теңге шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері ұрланған скутерді дер кезінде күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркілеп, заңды иесіне табыстады.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автокөліктен бағалы заттарды ұрлаған екі жігіттің ісі сотта қаралуда. Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде автокөліктің есігін бұзып, мотор мен құрал-саймандарын ұрлап сатқан екі жас азаматты қолға түсірді.
Белгілі болғандай, екі күдікті ақылдасып, түнгі уақытта танысының үйіне ұрлыққа түскен. Олар автокөліктің есігін бұзып, ұрлаған мотор мен көліктің құрал-саймандарын алыпсатарларға өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекетінің арқасында қолды болған мүліктер тәркіленіп, заңды иесіне тапсырылды. Күдіктілер қамауға алынып, іс сотқа жолданды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*