Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Ішкі істер саласындағы абыройлы қызмет

Ішкі істер саласындағы абыройлы қызмет

Ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығу – әрбір полиция қызметкерінің нәтижелі межесі.
Арыс аудандық полиция бөлімінде осындай жемісті мәреге жеткен ішкі істер органдарының 11 қызметкерін салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Полиция подполковнигі Б.Куатов: «Қай жерде, қай елде болмасын қариялар ерекше құрметке лайық. Талай жылдар тағылымы толысып, құрметті демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын! Зейнеткерлікке жетсеңіздер де қимылдарыңыз ширақ. Сондықтан сіздерге зейнеткерлікте де еліміз бен халқымыздың жарқын болашағы жолында үлес қосуға ынта-жігер мен шабыт тілейміз!»- деп ұжым атынан алғысын айтты. Құрметпен шапан жауып, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*