Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді

Түркістан қаласының тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген 6 бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді.
Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап шықты.
Жүйелі жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер, 3 сағат ішінде жайылымнан 3 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған қойларды тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған ұсақ малдар қала тұрғынына қайтарылды.
Өз кезегінде тұрғын полицейлерге жоғалған қойларын аз уақыттың ішінде тауып бергені үшін алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*