Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛЛИНГ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛЛИНГ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс аудандық полиция бөлімінің инспекторы А.Мырзахметова,Арыс сүйемелдеу секторының психологы К.Даниярқызы және Қ.Тоқбергеннің қатысуымен Арыс гуманитарлық техникалық колледжі мен 17 кәсіптік колледж студенттеріне «Зорлық-Зомбылық. Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты — студенттерге зорлық – зомбылықтың алдын алу туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін, балалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу керектігін айтып жеткізу.
Шарада мамандар толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, жастарды өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне ықпал жасауға шақырды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықты, буллинг, кибербуллинг сынды әрекеттердің жолын кесу, алдын алу шаралары ұсынып, слаиды мысалдар көрсетілді. Студенттер тақырып аясында ойларымен бөлісіп, көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Зорлық — зомбылық қылмыстарын тергеудің сапасы артатын болады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлгі Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мамандары «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарының тергеу тактикасы» тақырыбында дәріс өткізді.
Шараға департамент бастығының бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының әйел тергеушілері қатысты. Аталған топ құрамына әйел тергеушілер, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жедел-криминалистикалық, криминалдық және ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері енгізілген.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу сапасын арттыру мақсатында өткізілген жиында ағымдағы жылы 15 сәуірінде Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілген «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді. Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А. Утебаева мен Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумақтық психолог маманы П.Мүтәлі, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, арнайы сенім телефондардың бар екендігі жөнінде ақпараттық — насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Атап айтсақ, Шаян ауылында адам көп шоғырланған орындарда, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде арнайы жадынамалар таратылып, халыққа құқықтық кеңес берілді.
Сонымен қатар жайсыз отбасылар мекенжайы бойынша тексеріліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*