Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Наурыз — қуаныш айы, береке айы. Осынау мейрам қарсаңында жас спортшы жеткіншектерге қуаныш сыйлауды шымкенттік полицейлер естен шығарған жоқ, деп жазады қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Сондықтан өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы, спортпен шұғылдануы әрдайым өзекті тақырып болмақ.
Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің жеке құрам қызметкерлері игі іске ұйытқы болды. «Ізгілік» қайырымдылық қорымен бірлесе, №84 жалпы орта мектеп оқушыларын қуантты. Спортты серік етіп, футбол тебуді жақсы көретін оқушыларға спорттық киімдерді сыйға тартты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды тастап кетпеуге шақырды. Ал жас ойыншыларға әрдайым қолдау болатынын жеткізді.
Наурыз мерекесіне осындай тосын сый жасаған құқық қорғау саласының өкілдеріне мектеп басшылығы ата-аналар атынан да алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*