Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ

⚜️Республикамызда 1 айға жоспарланған нашақорлыққа қарсы іс-шаралар науқаны басталған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ауқымы кең жиналыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек и люди учатся
▫️Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен іс-шараға полиция полковнигі Қ.Сахов, өңірлік ведомствоаралық штаб отырысының мүшелері, құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшылары, барлық аудандардың әкім орынбасарлары, жеке құрам қатысты.
Күн тәртібінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы бойынша жұмыстар сараланып, талқыланды.
Облыстық қоғамдық даму, денсаулық басқармасы басшылығы баяндама жасады. Оған қоса полиция қызметкерлерімен 2024 жылдың 4 айында атқарылған жұмыс қорытындысын полиция полковнигі А. Бурханов мәлімдеді.
Возможно, это изображение 1 человек
Жиналғандар облыс жастары мен балалар арасындағы есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығына тоқталды. Денсаулығы мықты, барлық жағынан дамыған ел атану жолында бірлесіп, жұмыс жасауға уағдаласты.
Айта кетсек, облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 280-ге жуық дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сатудың 18 дерегі, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 84 жайты бар. Заңсыз айналымнан 190 келіден астам есірткі тәркіленсе, есірткіні жарнамалаған 70 ақпараттық сайт бұғатталған.
Возможно, это изображение 6 человек
Іс-шара соңында қатысушыларға нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды жүйелі іске асырып, «синтетикалық есірткінің» таралуына қарсы іс-қимылды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.
© Jetpisbai.kz 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*