Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Бухарбай Пармановтың төрағалығымен Темірлан тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың алдын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жұмыстарда Абай ауданы әкімінің аппараты, учаскелік полиция қызметкерлері қатысуда.
Бұхарбай Рысқұлұлы орын алған кемшіліктерді реттеу, күрделі мәселелерді құзырлы мекемемен бірлесіп шешуді тапсырды.
© Jetpisbai.kz